КЕРІ ҚАЙТАРЫЛМАЙТЫН ЕКІ ДҰҒА Жаңбыр – Алланың мейірімі! Көктен жаңбыр жаудырған біреу туралы естіп пе едіңіз? Жоқ! Жаңбыр беріп, жер-әлемді түрлендіруші, қураған өсімдіктерге нәр беріп, тірілтуші – Алла ғана. Әнастан (оған Алла разы болсын) жеткен хадисте былай делінеді: «Бірде біз Алла Елшісінің (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) жанында болғанымызда жаңбыр жауып кетті. Ол жаңбыр тамшылары тисін деп денесінің кейбір жерлерін жалаңаштады да бізге: «Бұлар аз уақыт бұрын Тәңірлерінің жанында болды» деп айтты». (Муслим). Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) желді, бұлтты күндері оңды-солды бұрылып, мазасы қаша бастайды екен, ал жаңбыр жауғанда шаттанып, көңіл-күйі қалпына түсетін көрінеді. Бірде Айша анамыз (р.а) мұның себебін сұрағанда: «Мұны үмбетіме берілген жаза болып қала ма деп үрейленіп едім, ал жаңбыр – Мейірім» деп жауап берген. (Муслим). Иә, жаңбыр – Алланың рақымы. Сондықтан да Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Екі дұға кері қайтарылмайды я аз қайтарылады: азан уақытындағы және жауын астындағы», - деген...

Теги других блогов: Алла мейірім жаңбыр